Серік Сәпиев кәсіпқой боксшы Қанат Исламның қазіргі жүрісіне көңілі толмайтынын айтты
Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев кәсіпқой боксшы Қанат Исламның қазіргі бағытына көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Фото: BNews.kz
Олимпиада чемпионының айтуынша, Қанат Ислам өзі армандаған биікке қол жеткізу үшін тезірек промоутер ауыстырғаны абзал.
“Қанат Ислам Америкаға барып, мықты промоутермен келісім-шарт жасасуы тиіс. Ал ол – кез-келген бокс ұйымымымен келісім-шартқа келе алатын, мәміле жасаса алатын, сол арқылы жоғарғы титулдарға таласу жекпе-жегін ұйымдастыра алатын адам болуы керек. Сонда ғана Қанаттың кәсіпқой бокстағы жолы ашылады. Өйткені ол қазірдің өзінде жас емес. Мен солай ойлаймын”, – деді Сәпиев.
Мәжіліс депутаты кәсіпқой боксшының ары кетсе 40-қа дейін атой сала алатынын, әрі қарай физикасы төмендейтінін де айтып өтті.
Еске сала кетсек, жақында Астанада баспасөз мәслихатын өткізген Қанат Ислам, осыған дейінгі кездескен қарсыластары осал дегендермен келіспейтінін айтқан еді. Сондай-ақ, ол промоутерімен де келісім-шартты үзбейтінін жария еткен. Боксшы келесі жекпе-жегін 9 қыркүйек күні Астанада британиялық Джеймс Кирклендке қарсы өткізуі тиіс. Бірақ, қарсы тарап жекпе-жек келісіміне әлі қол қоймаған.
Оқи отырыңыз:
Лионель Месси бала күнгі құрбысына үйленді (фото)
Бердібек Сапарбаев әкімдермен бірге футбол ойнады (фото)
Криштиану өмірге келген ұлы мен қызын көрсетті (фото)
Дмитрий Баландин жүзуден Болгария чемпионатында жеңіске жетті