Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимов перзентханадан шыққан сүйіктісін тосынсыймен күтіп алды (фото, видео)

Күні кеше Серік Ибрагимов сүйіктісі Айнамкөз бен тұңғышын перзентханадан шығарып алды. Әнші келіншегіне түрлі тосынсый әзірлеп, мол дастархан жайған екен.

20065925_114224305885897_4942687706137231360_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алғаш рет әке атанған Серік Ибрагимов бақыттан басының айналып жүргенін айтады. Сүйіктісі Айнамкөзді перзентханадан шығарып алуға барша туысқандары мен достары жиналды. Осыдан кейін түрлі құттықтаулар айтылып, мол дастархан жайылды.

20181172_1382675911815406_9137144632742772736_n

20180990_1505423796160625_5786051740692381696_n

Бір кездері сүйіктісіне ерекше әдіспен ұсыныс жасаған әнші бұл жолы да ұшқыр ойымен ерекшеленді. Сүйіктісіне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін перзентханаға баяншыны алып келген екен.

Желі қолданушылары да өз кезектерінде әншінің қуанышын бөлісіп, шаңырағына бақыт тіледі. “Бауыр берік болсын! Өмірлі болсын!”, “Аға, балаңызға зор денсаулық тілеймін”, “Құттықтаймын! Еліміздің беделді ер азаматы болсын”, “Алла тіл-көзден сақтап жүрсін” деп жазады желідегілер.

Былтыр әншінің тойы ерекше болып өткен еді. 6 қазан күні Серік Айнамкөз есімді қалыңдығын ұзатып алған еді. Келін әншінің продюсері Алтынбек Рахметовтің шаңырағына түсірілді. Одан кейін Серік келіншегін ауылына алып барды. Онда қазақтың салты бойынша беташар рәсімі өткізіліп, келіннің бетін Төреғали Төреәлі ашқан еді.

Естеріңізде болса, осы тойда тойбастардың орнына Серіктің жаңа үнтаспасының халыққа ұсынылатынын айтқан болатынбыз. Одан бөлек, Ибрагимов той барысында су жаңа «Мейлі» атты әнінің тұсауын кесті. Айта кететін жайт, тойда дастарханға ішімдік қойылмаған.


Жіберіп алмаңыз:

Нұрлан Қоянбаев қазақ тілі туралы сәтсіз әзіл айтқан Мұсағалиевті қорғады

Мөлдір Әуелбекова: Ұлымды 2 жасына дейін омырау сүтімен өсіремін

Ерке Есмахан: Ұлымның камерадан қорықпайтынын көріп қатты таңқалдым

Жорабаева: Ажырасқалы ыңғайсызданып, өзімді төмен сезінемін

Талқылау