Серік Ахметов рақымшылық сұрады
Экс-премьер Серік Ахметов өзіне рақымшылық жасауды сұрап сотқа арыз түсірді. Бұл туралы КТК хабарлайды.
8 жылға сотталған оның өтініші қанағаттандырылса, мерзімі 2 жылға дейін қысқармақ. Серік Ахметов алғашында аудандық сот шешімімен 10 жылға сотталған. Кейін мемлекетке келген шығын – 2 миллиард 200 миллион теңгені қайтарған соң мерзімі 8 жылға дейін қысқарған болатын.
Шығынның өтелгені ескеріліп оның арызы қарауға алынған. Дегенмен өткен жылдың аяғында Қарағанды қаласы әкімінің арызы бойынша, сот Серік Ахметов бюджеттің 150 миллион теңгесін желге ұшырған деген шешім шығарды.
Бірақ бұл іс бойынша экс-премьердің апелляциялық шағымы әлі қаралып жатыр. Сондықтан Ахметовтың өзіне кесілген мерзімнің рақымшылық аясында қысқаратынынан үміті бар.
Оқи отырыңыз:
Назарбаев Бишімбаев пен Ыдырысовты отставкаға жіберді
Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы ұсталды
Нұрсұлтан Назарбаев үш мектеп оқушысының тілегін орындады
Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты