Танымал блогердің үстінен сериалдағы рөлі үшін іс қозғалды
Видеодан скрин
Qasqir_kz лақап атымен танымал блогер Әли-Әскер Байғожин өзінің істінен "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогердің айтуынша, іс қозғалуына "Ганюшкино департаменті" атты сатиралық сериалда сомдаған кейіпкері себеп болған. Бұл жобада блогер құқық қорғау органдарының өкілдерін әжуалайды.
"Қазір мені "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапкершілікке тартуда, оған себеп – менің "Ганюшкино департаменті" сериалындағы кейіпкерім. Сәкен, сен нағыз оңбаған екенсің. Өзiң қиял әлемінде өмір сүресің, ал сотталып жатқан мен", – деп жазды Байғожин желідегі парақшасында.
Айта кетейік, блогер Әли-Әскер Байғожин Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі. Блогер Атырау облыстық ҰҚК департаментінде алты жыл қызмет атқарған. Қызметтен кеткен соң әлеуметтік желілерде күштік құрылымдардың күнделікті өмірі жайлы юморлық жанрда бейнероликтер жариялай бастаған.
Ресми органдар әзірге блогердің үстінен іс қозғалуына қатысты түсініктеме берген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін танымал блогер Daricorn-ға желідегі видеосы үшін айыппұл салынған еді.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
