Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сергек" жүйесі көлік қозғалысы кезінде ұялы телефон пайдаланған жүргізушілерді тіркейді

Сергек жүйесі көлік қозғалысы кезінде ұялы телефон пайдаланған жүргізушілерді тіркейдіФото: astana.gov.kz

"Сергек" жүйесі көлік қозғалысы кезінде ұялы телефон пайдаланған жүргізушілерді тіркейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жүйе бейнеағынды талдау алгоритмдері негізінде жұмыс істейді, бұл жүргізушінің рөлде телефонмен сөйлесіп отырғанын басқа әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік береді. Оқиға тек айқын көрінген жағдайда ғана тіркеледі, бұл деректердің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Алайда қазіргі уақытта "Сергек" телефон пайдаланған жолаушыларды тек қана тіркеуге ала алады, бірақ бұл заң бұзушылық ретінде танылмайтын көрінеді. Себебі әзірге бұған қатысты тиісті нормативтік-құқықтық акт жоқ.

Бүгінде "Сергек" жүйесі 8 қалада – Алматы, Атырау, Ақтау, Семей, Шымкент, Түркістан, Құлсары және Тараз қалаларында, сондай-ақ үш облыста – Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында жұмыс істейді.


Алматыда самокаттарды бақылайтын камералар орнату ұсынылды


Полицей көлік жүргізушісін телефон пайдаланғаны үшін тоқтатса, қандай айыппұл салынады:

- Бірінші рет заң бұзғаны үшін – 5 АЕК (19 660 теңге).

- Бір жыл ішінде бірнеше рет заң бұзған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге).

Телефонды қолға ұстамай, hands-free жүйесі арқылы (құлаққап не дауыс зорайтқыш арқылы) телефонды пайдалану заң бұзушылық болып саналмайды.

Еске салсақ, енді жылдамдықты 60 шақырымнан асырған жүргізушілер 157 мың теңге айыппұл төлейтінін жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 13 Қазан, 2025 19:34
Талқылау