Sergek жобасының негізін қалаушы Астанадан не себепті кетіп бара жатқанын түсіндірді
Sergek жобасының негізін қалаушы Әсет Ахметов компанияның Астанадағы жұмысын аяқтау себебін түсіндірді. Кәсіпкердің сөзінше, жобаның уақыты аяқталып, оның орнына нарыққа БАӘ компаниясы кіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Көлік министрлігі
Мәліметтерге сенсек, 2017 жылдан бері елордада жүзеге асырылып келе жатқан Sergek жобасы 13 наурызда аяқталады. Оның орнына нарыққа БАӘ компаниясы кіреді.
Ахметовтың айтуынша, Sergek Астанада өзінің тиімділігін дәлелдеді: жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітімді 48%, қылмыс деңгейі 67% төмендеді.
Sergek қазірдің өзінде Ақтау, Тараз, Семей, Түркістан және Түркістан облысы, Шымкент, Атырау, Алматы, Қызылорда, Талдықорған, Құлсары және Жетісу облысында жұмыс істейді. Кәсіпкер енді Алматы облысында ірі жобаны жүзеге асырып, халықаралық нарыққа шықпақ.
Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы 11 күннен кейін келген айыппұлдарды да төлеу керек екенін айтқан еді. Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелеріне байланысты айыппұлдарды қалай дұрыс төлеу керек екенін түсіндірді. Ведомство азаматтарды желідегі жалған ақпараттан қорғануға шақырды. Еліміздің әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62-бабының талаптарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі екі айға тең. Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты тіркеу жүйелерімен тіркелсе, іс айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жіберілген сәттен бастап қозғалған болып есептеледі. Құқық бұзушылық туралы SMS-хабарлама айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама рәсімделгеннен кейін Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің "әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде жіберіледі