Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенсация: Атақты ПСЖ Франция кубогында жарыс жолынан шығып қалды

Франция кубогыФото:”ПСЖ” фк

Франция Кубогында күтпеген нәтиже тіркелді. Париждегі "Парк де Пренс" аренасында өткен іріктеу матчында елдің ең мықты клубтарының бірі ПСЖ турнирмен ерте қоштасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төменгі лигада ойнайтын "Париж" клубы фаворит саналатын қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша “Париж” келесі кезеңге жолдама алды.

Ойынның алғашқы бөлігінде париждіктер негізгі құрамдағы бірқатар жұлдыздарын алаңға шығармады. Атап айтқанда, "Алтын доптың" иегері Усман Дембеле мен болашағынан үміт күттіретін Дезире Дуэ бірінші таймды қосалқы құрамда өткізді.

Қос жұлдыз екінші таймда алаңға шыққанымен, қос футболшы ойын тағдырын өзгерте алмады. Ал матчтың жалғыз әрі шешуші голын Нанитамо Иконе соғып, өз командасына тарихи жеңіс сыйлады.

Нәтижесінде ПСЖ Франция Кубогының 1/16 финалында сүрініп, соңғы 12 жылда алғаш рет іріктеу кезеңінен өте алмады.

Айта кетерлігі, "Париж" клубы өткен маусымда ғана елдің екінші дивизионында өнер көрсеткен. Қазіргі таңда олар ұлттық біріншіліктің турнирлік кестесінде 15-орында тұр.

Тағы бір қызықты дерек 1969 жылы құрылған бұл ұжым 1930 жылдан 2015 жылға дейін кәсіби клуб мәртебесіне ие болмаған.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 13 Қаңтар, 2026 22:18