Сенбілікте табылған адам сүйегі кімдікі екені анықталды
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының орталық ауруханасының қызметкерлері сенбілік кезінде профилакторий ауласынан адам қаңқасын тауып алған еді. Адам сүйегінің қасынан оның құжаттары да табылды. Болжам бойынша, адам қаңқасын 2014 жылдан бері ешкім көрмеген. Десе де, құжаттарының арқасында әлгі азаматтың кім екені анықалған.
Бұл туралы Qasym.kz хабарлайды.
Тауып алған куәгерлердің айтуынша, киімі дұрыс, тістері де орнықты сияқты. Маскүнемге не қаңғыбасқа ұқсамайды. Қалта тұсында табылған ормал да таза. Маңынан бір құжаттар табылған. Онда «Олег Ярин, 1975 жылы туған» деп жазылған.
Шахтинск қалалық ІІБ дереккөзінің мәліметінше, Олег Ярин 2014 жылдың көктем айында жоғалған. Туған-туыстарымен байланыс үзілген. Материалдық жағдайының қиындығына байланысты шіркеуде тұруға мәжбүр болған. Яринмен аралас адамдар оны 3 жылдай көрмегенін айтады. Қазір аталмыш іс бойынша тергеу амалдары қолға алынып, мәйітке сараптама жасалуда.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағанды облысында сенбілікке шыққан дәрігерлер ер адам мүрдесін тауып алды
Үйін су шайған 10 жасар Махаббатқа бүгін кәсіпкер ағасы пәтер кілтін табыстады (видео)
Мәдениет басқармасының қызметкері Қазыбек бидің сіңірген еңбегі жоқ деп жар салды (видео)
8 жасар қызды педофильден құтқарған оқушы: Гранттан бас тартқан жоқпын