Сенаторлар Ләззат Сүйіндікті орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындады
7 қарашада сенат отырысында депутаттар Анастасия Щегорцованы орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатып, орнына Ләззат Сүйіндікті тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Үкімет сайтанын
Ләззат Сүйіндікованың кандидатурасын Мәулен Әшімбаев ұсынды.
"Конституциялық нормаларға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне кандидатураны Палата төрағасы ұсынады. Осы құқықты пайдалана отырып, ОСК мүшесі қызметіне Ләззат Кеңесқызы Сүйіндіктің кандидатурасын ұсынамын. Ләззат Кеңесқызы еңбек жолын Ақпарат министрлігінің бас сарапшысы лауазымынан бастап, кейін Ақпарат комитетінің төрағасы, "Хабар" Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Кейінгі жылдары коммуникация саласында белсенді қызмет етті. Л.Кеңесқызының біліктілігі мен тәжірибесі Орталық сайлау комиссиясының жұмысына тың серпін береді деп сенемін", – деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Ләззат Сүйіндік Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қарағанды экономикалық университетін аяқтаған. Болашақ бағдарламасының стипендианты, Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінде оқыған.