Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сен секілді ешбір азаматты күткен емеспін: Сабина Алтынбекова ана атанды

Сабина Алтынбекова ана атанды. Спортшы қыз ұлын өмірге әкелді. Жанкүйерлері қуанышпен құттықтап, ақ тілегін арнап жатыр. 

Сүйінші жаңалықты Сабина Алтынбекованың өзі хабарлады. 

“Дәл сен секілді ешбір азаматты күткен емеспін. Махаббат пен қамқорлыққа толы отбасына қош келдің”, – деп жазды спортшы.

“Ұлым өмірге келді, рахмет, жаным”, – деп жазды Саят Салманұлы.

Желі қолданушылары бауы берік болсын айтып, құттықтасып жатыр. 

“Уау, бауы берік болсын!” – деп жазды Аша Матай.

“Құттықтаймын, әпке, бауы берік болсын!” – деп жазды Жансая Әбдімәлік. 

“Мен тіпті байқамаппын да, үлкен азамат болсын”, “Бауы берік болсын, қазақтың баласы болсын”, “Сіздерге тек қызығын көрсетсін”, “Сіздің жүкті екеніңізді де білген жоқпыз”, “Қандай жақсы жаңалық, үлкен азамат болсын”, “Есімі кім? Батырдың аты қалай?”, “Сізге тартқан спортшы болсын, әкесіндей сабырлы, иманды болсын”, – деп жазды желідегілер. 

Әлемдегі ең әдемі волейболшылардың бірі деп атанған Сабина Алтынбекова мен Саят Салманұлы некесін қиды. Жас жұбайлар тойын шағын ғана адаммен атап өтті.

Саят Салманұлы (Тостықбаев) 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келген. Ол қазақстандық "Круиз" комедиялық фильмінің продюсері. 


Талқылау