"Семіргеннен даусы шықпай қалған": Ақтауда өнер көрсеткен Kalifarniya сынға қалды
Ақтауда өнер көрсеткен танымал әнші Kalifarniya-ны тыңдармандары сөгіп тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшаcынан алынды
Айта кетейік, Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің берілу құрметіне орай гала-концерт өтті. Іс-шарада еліміздің танымал өнер жұлдыздары да жанды дауыста ән салды. Солардың арасында жастардың сүйікті әншісі Kalifarniya да бар. Хитмен репертуарындағы “Қар” әнін орындаған.
-
"Әйелінен кешірім сұрап, балаларына барды": Kalifarniya әні арқылы татуласқан отбасыны айтты
-
"Үйдегі асхананың чемпионы": Kalifarniya әйеліне су жаңа көлік сыйлады
Алайда әншінің жанды дауыста ән салуы қызу талқыға түсті. Өйткені орындаушы ырғаққа ілесе алмай қалған.
“Сүйікті әншім еді, бұдан кейін тыңдамайтын сияқтымын”, “Екі нотаның арасында жүр”, “Даусы шықпай қалды”, “Димаш сияқты дайындық жасап шығуы керек”, “Қатты семіріп алғасын, даусы жетпей тұр”, – деп жазды көпшілік.
Stan.kz тілшісі әншінің админі Еркебұланға хабарласып, сынға қатысты пікір сұрады.
“Концерттің техникалық жағы нашар болды. Сол үшін де оған музыка мен даусы естілмей қалды. Өзіміз де көрдік. Құлаққап пен микрофон да істемей тұрды”, – деп жауап берді арт-менеджер.