Семейдің орталығында құбыр жарылып, тұрғындар түнді жылусыз өткізді (видео)
Фото: Видеодан скрин
Семей қаласының орталығында техникалық ақау салдарынан жылу беру уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қатты аязға байланысты Семей қаласының Беспаев көшесінде орналасқан жылу құбырында апаттық жағдай тіркелді.
Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, негізгі жылу құбыры 17 қаңтарда кешкі сағат 19:00 шамасында жарылды. Оқиға орнында дереу штаб құрылып, апаттық бригадалар жұмыс істеді.
“Апаттық жағдай толықтай қалпына келтірілді. Жедел қызмет өкілдері қатты аязға қарамастан жедел әрекет етіп, бірлескен жұмыс нәтижесінде жарылған жылу құбырын толықтай қалпына келтірді. Қазір қазылған аумақ қайта жабылып, тұрғын үйлерге жылу беру қалыпты режимде жүріп жатыр. Тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жұмыс бригадалары мен коммуналдық сала қызметкерлеріне жедел және үйлесімді жұмысы үшін алғыс айтамыз”, – деді Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев.
18 қаңтар күні таңертең Ғаббасовтағы жылу қазандығы қайта жұмыс істей бастады.
Айта кетейік, бұған дейін Теміртауда магистральдық жылу құбырында апат болып, одаған үй жылусыз қалғаны туралы жазған едік.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты