Семейде жолаушы жүріп бара жатқан автобустың жүргізушісін ұрған (видео)

Видеодан скрин
Семей қаласында №2 қоғамдық автобустың жолаушысы жүргізушімен жанжал шығарып, оны бетінен ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға куәгерлері жанжалды видеоға түсіріп алған. Кадрда ер адамның жүргізушіге айқайлап жатқанын көруге болады. Жанында тұрған жолаушылар оны сабырға шақыруға тырысқан.
Қазақстандық жігіт автобуста әжейден таяқ жеген соң модельге айналды
Қалалық полиция департаменті тәртіп бұзушының жеке басы анықталғанын мәлімдеді. Ол – 45 жастағы Семей тұрғыны. Қазір оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
"Азаматтың бұл әрекеті үшін заң аясында қатаң жауапкершілік қарастырылған. Қоғамдық көлік жүргізушілеріне шабуыл жасау және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіру әрекеттеріне қатаң түрде тосқауыл қойылады", – деп хабарлады Абай облысы полиция департаменті.
Еске салсақ, Шымкентте жолақысын талап еткені үшін автобус жүргізушісін сабап кеткен еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"