Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалімнің ісі: Қала әкімінің орынбасары күдікті деп танылды
Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлап, жарақат алған мұғалімнің ісі бойынша қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев күдікті деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж Stan.kz
Бас прокурордың айтуынша, әкім орынбасарына қатысты тергеу өткен жылдың 27 желтоқсанында Хамзаевтың мұғалімдерді қызметтік міндеттеріне қатысы жоқ жұмысқа тартқаны белгілі болған кезде басталған.
-
“Әкімдік пен білім бөлімі кінәлі”: Семейде шырша безендіру кезінде құлап кеткен мұғалімнің әйелі оқиға туралы айтты
Тергеу "ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша жүргізілуде.
Еске салайық, 21 желтоқсанда Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде мұғалім Қуат Айтқали биіктен құлап, ауыр жарақат алған еді. Оқиғадан кейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жағдайға байланысты пікір білдіріп, ұстаздарды міндетіне кірмейтін қызметке жұмсауға болмайтынын ескертті. 8 қаңтар күні оқу-ағарту министрі мұғалімнің ауруханадан шығарылғанын мәлімдеді.