Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде өтетін Би-2 тобының қайырымдылық концертіне қарсы шыққан депутат сынның астында қалды

Абай облыстық мәслихаттың депутаты Эльзира Жүнісова Семейде өтетін "Би-2" тобының қайырымдылық концертін кейінге қалдыру керек деп пікір білдіргені үшін сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық мәслихат депутаты Эльзира Жүнісова Facebook парақшасында "Би-2" концертін әзір өткізбеу керек екенін айтты.

“Әрине, бұл – қайырымды іс, бірақ концерт екі күннен кейін өтеді! Менің ойымша, бұл қаза тапқандардың туыстары үшін ауыр. Жалпыұлттық аза тұту күніне он күн де өткен жоқ. Сондықтан қазір тойлайтын уақыт емес”, – деп жазды Жүнісова.

Мұндай пікір жұрттың наразылығын тудырып, желі қолданушылары оның отставкаға кетуін талап етті.

“Ендеше барлық концерттер мен театр қойылымдарына тыйым салайық. Демек, мұндай уақытта “Ромео мен Джульетта” қойылымын қойған да орынсыз”, “Өзіңіз зардап шеккендер үшін бірдеңе істедіңіз бе?” деп жазды желі қолданушылары. 

Эльвира Жүнісованың күні кеше 19 маусымда “Маркетингтік коммуникациялар” тақырыбында тренинг өткізгені белгілі болды. Сол себепті Би-2 тобының концертіне қарсы шыққан депутатқа желі қолданушылары сұрақты жаудырып, өзі не себепті аза тұту өтер-өтпестен тренинг жүргізгенін сынап тастады.

“Жақында аза тұту күніне байланысты Семейде өтетін Би-2 концертін кейінге қалдыруды сұраған депутат кеше өзі маркетинг бойынша тренинг өткізген. Шамасы, тегін емес-ау. Аза тұту оған ешқандай кедергі келтірмепті. Екіжүзділік әлеміне қош келдіңіздер!”, – деді саясаттанушы, қоғам белсендісі Андрей Чеботарев.

Сонымен қатар желіде Жүнісованың мемлекеттік тапсырыстар қабылдап, 3,5 миллион теңгеден төрт тендерлік жобаға қол қойғаны анықталды. 

Protenge Telegram-парақшасы

“Ал сенің қалауың не еді, депутат ханым, енді өз табысыңмен бөлісуге тура келді. Кем дегенде кірістердің үлесімен”, – деді журналист Кирилл Жданов.

Бұған дейін Семей әкімдігі Би-2 тобы қалада өнер көрсетпейтінін мәлімдеген еді. 

Естеріңізге салсақ, Би-2 тобы концерттен түскен қаржысын Абай облысында өрттен жапа шеккендерге аударатынын айтты. 

Талқылау