Семейде күйеуін көсеумен сабаған әйел 3 жылға сотталды

Фото: Ru.freepik.com
Семейде 36 жастағы әйел отбасылық жанжал кезінде күйеуін көсеумен ұрып, сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлі-зайыпты отасқанына 16 жыл толуына орай дастархан жасап, ішімдікпен атап өткен. Дастархан басында олар сөзге келіп қалып, әйел көсеумен күйеуінің басынан және денесінен ұрған. Жәбірленуші жарақат салдарынан ауруханаға жеткізілді.
Сот әйелді үш жылға бас бостандығынан айырды. Алайда оның асырауында екі кәмелетке толмаған баласы барын ескере отырып, жаза шартты түрде белгіленді. Әйел Затон аудандық пробация қызметінің бақылауына алынды.
“Сотталушыға жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді, сонымен қатар жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді. Ол жергілікті жеке кәсіпкердің біріне жұмысқа қабылданды", — деп мәлімдеді аудандық пробация қызметінің басшысы Ерлан Қыдырманов.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"