Семейде көктемгі жаңбырдан кейін көшелер мен жеке үйлерді су басты (видео)

Семейде қардың күрт еруі мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басып, қала тұрғындары қиындыққа тап болды. Бірқатар жеке үйлердің ауласына су кіріп, оқушылар қауіпсіздік үшін қашықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Halyqstan телеграм арнасының мәліметінше, Семей тұрғындары қазір өз қалаларын Венециямен салыстырып жатыр. Көктем басталып, қар молынан еріді. Оған қоса кеше күні бойы жаңбыр жауып, көшелерді су басқан. Соның салдарынан қазір қала ішінде тек қайықпен жүргендей күй кешіп отыр.
Осы жағдайға байланысты бүгін мектептерде сабақ тоқтатылып, оқушылар қашықтан оқу форматына көшірілді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен коммуналдық қызметкерлер түні бойы жұмыс істеп, су сорғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Себебі су жеке сектордағы үйлерге де кіре бастаған. Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев та түнімен оқиға орнында болып, коммуналдық қызметтердің жұмысын үйлестірді.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің міндетін атқарушы Рүстем Айтқұловтың айтуынша, мамандар күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қаладағы суды сорғызу үшін 250 адам мен 65 арнайы техника жұмылдырылған. Олардың қатарында ассенизаторлық машиналар және 20 мотопомпа бар. Алайда мол жауын-шашын жұмысты қиындатып отыр.
Семей тұрғындарының айтуынша, қалада нағыз "су апокалипсисі" басталғандай. Тіпті қаланың орталық саябағын да су басып жатыр.
- Жамбыл облысында су тасқыны басталды: Әкім тұрғындарға көмек беруді тапсырды
-
Алматыда апат салдарынан үйлерді қайнаған су басып, 4 адам күйіп қалды
Еске салайық, бұған дейін “Қазгидромет” синоптиктері биыл көктемде Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқыны қаупі бар екенін ескерткен еді. Мамандардың болжамынша, Қостанай, Павлодар, Алматы және Ақтөбе облыстарында су тасқыны қаупі орташа деңгейде болады. Болжам топырақтың күзгі ылғалдылығы, жердің қату тереңдігі, қар қоры және көктемдегі ауа райы жағдайларын ескере отырып жасалған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік