Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

қоқыстан сәби табылдыФото: Egov.press

Семей қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылып, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Семей полиция депарментінің мәліментінше, аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"3 ақпанда Әуезов аудандық полиция бөліміне Семей қаласында қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетті. Алғашқы шаралар барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталды. Әйелдің айтуынша, сәби өмір белгілерінсіз дүниеге келген", – деп мәлімдеді полиция.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің денесін контейнерге тастаған қала тұрғыны анықталған. Оның баланың әкесі екені нақтыланбады.

"Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрық сараптамаға жіберілді. Ары қарай процессуалдық шешім қабылданып, іске қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған шарана табылғанын жазған едік. 

Айым Атамбаева
Жұма, 06 Ақпан, 2026 11:48