Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде екі метр қорғаннан секіріп кірген қаскөй 3 айлық күшіктің басын кесіп лақтырып кеткен

Семейде қаскөйлер үш айлық күшікті бауыздап тастаған. Осыдан кейін қаңғыбас ит-мысықтарды асырайтын орталық белсенділерінің үрейі ұшып отыр, деп хабарлайды КТК.

Бұл жағдайды олар өздеріне жасалған ескерту деп қабылдаған. Себебі, саяжайдан үй салған жұрт қаңғыған жануарларды ұстайтын орталықтың тез арада көшірілуін талап етіпті. Өйткені қолқаны қапқан жағымсыз иістен мезі  болғандарын алға тартуда.

Оқиға түнде болған. Екі метр қорғаннан секіріп кірген қаскөй күшіктің басын кесіп алып, лақтырып кетіпті. Енді қоғам белсенділері оның адам қолынан қасақана өлгенін растау үшін денесін Алматыға арнайы тексеріске жіберген. Жау алыстан келмейді деген олар бұның өздеріне жасалған ескерту екенін айтуда.

“Біз үнемі ауыр жағдайға ұшыраған иттерді әкелеміз. Келсек, күшігіміз қанға бөгіп жатыр. Мұны көрген әріптестеріміз қорқып отыр. Тура, қой сойғандай басын кесіпті. Бұл деген сұмдық қой”, – дейді  қоғам белсендісі Анастасия Глядинцева.

Бүгінде орталықта 50-ге жуық ит жиналған. Ал жерлілікті тұрғындар шәуілдеген дауыстарынан әбден мезі болғандарын алға тартуда. Оның үстіне жағымсыз иіс қолқаны қабады. Соның салдарынан саяжай тұрғындарының балалары да ауыра бастаған көрінеді.

“Міне, біздің былық. Мына жерден бала өте алмайды. Әне, жас бала бар. Мынаның да баласына екі ай болды. Күнде ауруханаға түседі. Бұл жерден жүру мүмкін емес”, – дейді Семей қаласының тұрғыны Дүйсен Жарасов.

Енді тұрғындар құзырлы органдарға шағым түсірмек ниетте. Айтуларынша, қаңғыбас ит-мысықтарды асырайтын орталықты жұрттың арасынан аластату қажет. Себебі, мысықтары еш қамалмай көше кезіп жүреді екен. Ал олармен балалар ойнағандықтан жаппай жұқпалы дерт тарай ма деп алаңдаулы.

“Бірақ қоғам белсенділері орталықтағы ит-мысықтардың барлығы ауруға қарсы егілгенін жеткізді. Сондықтан дүрліккен жұртты қорықпауға шақырып әуре. Ал полиция қызметкерлері иттің бауыздалғаны туралы арызға қатысты жарытып еш нәрсе айта алмай отыр. Олар бұл тұрғыда істің қозғалған-қозғалмағанын білмейміз дейді”, – дейді тілші Ұлан Нұрахмет.

Тағы да оқыңыз:

Астанада жедел жәрдем жүргізушісі мен дәрігері шақырған жерге мас күйінде келген

Басқа кітап үстімен емін-еркін жүрген мысық мәжбүрлесе де Құранды баспай қойды (видео)

Оралдық жігіт шымкенттік науқас қызға бір бүйрегін беріп, өмірін арашалап қалды

Талқылау