Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде деструктивті діндегі отбасы балаларын мектепке жібермей қойған

сабақ pixabay

Фото: Pixabay.com

Семейде деструктивті діни көзқарасты ұстанған отбасы балаларын мектепке бермей қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Семей прокуратурасы "Отбасының цифрлық картасы" жобасын іске асыру аясында төрт баланың міндетті орта біліммен қамтылмағанын анықтады.

Деструктивті діндегі отбасында 8 бен 13 жас аралығындағы үш бала тәрбиеленеді. Ата-анасының наным-сеніміне байланысты олар мектепке бару мүмкіндігінен айырылып, ерте жастан білім беру жүйесінен тыс қалған. Прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдар әр баланың білім деңгейін бағалап, кейін оларды мектепке қабылдады. Анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларына тәртіптік жаза қолданылды.


Депутат мектептерде телефон пайдалануға тыйым салуды ұсынды


“Тағы бір жағдайда психикалық дамуы тежелген 9 жастағы баланың құқығы бұзылғаны белгілі болды. Балаға мүгедектік берілмегендіктен, ол мектептік те, арнайы да білім ала алмаған. Кейін бала психикалық денсаулық орталығына стационарлық тексеруге жіберіліп, ресми қорытынды алып, әрі қарай оқу бағытын айқындауға мүмкіндік жасалды. Оның заңды өкілі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Семей прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың білім алу құқығын қамтамасыз ету бойынша белсенді әрі мақсатты жұмысын жалғастырып жатыр.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 08 Қазан, 2025 21:46
Талқылау