Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде бәліш ішінен тышқанның жүні табылған соң, мектеп асханасы жабылды

бәліш ішінен тышқан жүні табылдыФото: Видеодан скрин

Семейде нан өнімдерінен тышқанның жүніне ұқсайтын зат табылған соң, мектеп асханасы жабылды. Ата-аналардың шағымынан кейін асхана тексеріліп, кәсіпкерге санитарлық ережелерді бұзғаны үшін 600 000 теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір апта бұрын ата-аналар отыратын чатта жеуге жарамсыз салмасы бар үшпучмактың суреті тарады. Шағымнан кейін комиссия мектепке рейд жасап, тамақтандыру қызметіне жауапты мектеп директорына сөгіс жарияланды. Асхананың өзі санитарлық органдар тарапынан мұқият тексерілді. Осылайша құқықбұзушылықтар анықталды. Десе де орган өкілдері нақты мәлімет айтпады. Олар нан өнімдерінен басқа ешқандай заттар табылмағанын айтты. 


Тамақ шаң-тозаң мен қоқыстың ортасында әзірленеді: Астанадағы даулы асхана әлі жабылмай тұр


Қазақстанда мектеп асханасында фастфуд сатқан кәсіпкерлерге 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынады


Кәсіпкер бұзушылықтарды түзетіп, жаңа жұмыс істеуге рұқсат алғанша асхана жабылады. Бір қызығы, мектептің өзі де, оның асханасы да қыркүйек айында ғана ашылған. 

“Анықталған құқықбұзушылықтар үшін жеке кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Сонымен қатар, кәсіпкердің мектеп асханасындағы қызметін уақытша тоқтату туралы жедел әрекет ету шараларын қолдану жөнінде қаулы шығарылды”, – деді Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Шыңғыс  Чокушев.

Айта кетейік, бұған дейін Семейде мектеп асханасында бәліштің ішінен тышқанның жүні табылғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 14:15
Талқылау