Семей тұрғыны балабақшада тәрбиешінің ұлын қалай ұйықтатқанын көрген соң, полицияға шағымданды
Фото: Видеодан скрин
Семейдегі белгілі балабақшада жанжал шықты. Ерекше қажеттілігі бар баланың ата-анасы ұлдарын мұғалім қорлады деп мәлімдеді. Мұғалімнің балаға жасаған әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жәбірленушінің анасы Арай Аралханованың сөзінше, тәрбиеші баланы тұншықтырған.
“Видеоны көрген соң бірден полицияға жүгіндім. Олар келіп, тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл жағдай 10 қыркүйекте басталды. Бірақ іс әлі күнге дейін созылып келеді. Істің соңына дейін жетуіне көмектессеңіздер деймін. Ол әрі қарай жұмыс істемеуі керек. Ол балалармен жұмыс істей алмайды. Видеода тәрбиешінің баламды қалай ұйықтатқаны анық көрінген. Кадрда ол баламды тұншықтырған”, – дейді әділдік іздеген ана.
"Аузында қанға толған дәке": Қарағанды облысында бүлдіршін балабақшада жарақат алды
Қазақстанда балабақша директоры ата-анаға 2 жастағы егізін мекемеге жөргекпен әкелуге тыйым салған
Бес жасар баламның сөйлеу қабілетінің дамуында кідіріс бар. Ол болған жағдайды түсіндіре алмаған, тек жылаған. Ата-анасы бақылау камерасындағы жазбаны көргенде шошып қалған. Тәрбиеші баланы үнемі тартып, түрткілей берген. Ең қорқыныштысы баланы қинап ұйықтатпақ болған сәті. Әйел баланы басына жақын етіп көрпемен бүркеп, үстіне еңкейіп жатып алған. Ал тәрбиешінің өзі кінәсін мойындамай, “тек осылай тыныштандырдым” деп жауап берген. Бірақ жазбаларды басқа ата-аналар көрген соң, олар тәрбиешінің қызметтен шеттетуді талап еткен.
Ал полиция аталған іс бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша тергеу бастады. Балабақша әкімшілігі мұндай жағдайдың бірінші рет болып жатқанын айтқан. Бірақ тәрбиешіге шара қолдана алмаймыз дейді. Себебі ол декреттік демалысқа шығып кетіпті.
“Қазір тергеу іс-шаралары жүргіп жатыр. Тәрбиеші қазір жұмыстан шеттетілген. Ол декреттік демалыста. Төрт баланың анасы. Мұндай жағдай бірінші рет тіркеліп отыр”, – деді №9 "Айгөлек" балабақшасының меңгерушісі Гүлнар Жұмағалиева.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық әйел қызын балабақша басшысы зорлады деп айыптағаны туралы жазған едік.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді