Семейде балабақшадан өрт шықты
Семейде Павлова көшесіндегі балабақшада өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 17:37-де 101 пультіне Павлова көшесіндегі балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.
"Өрт сөндіру бөлімшелеріне №2-шақыру бойынша дабыл түсіп, дереу шақырту орнына жөнелтілді. Келген бойда балабақшаның 2-ші қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 18:05-те оқшауланды. Өрттің алдын ала аймағы мен себебі анықталуда. Қазір оқиға орнында жеке құрамның 37 адамы мен 9 техникасы жұмыс істеуде", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Желідегі деректерге сай, демалыс күндері болғандықтан балабақша ішінде балалар жоқ.