Семейде ауылдан туысқандарына келген әйел дүрбелең тудырды
Семейге алыс аймақтан туыстарына келген әйел құтқару қызметін әбігерге салды.
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
Семейге туыстарының үйіне келген әйел тосыннан қуанту үшін ешкімге алдын ала хабарласып ескертпеген екен. Ол туыстарының үйіне келгенде үйінде ешкім болмай шығады. Сосын қолындағы сөмкесін подъезд алдына қойып, үй иелерін іздеуге шығып кетеді. Алайда, иесі жоқ сөмкеден күдіктенген көршілері арнайы қызметкерлерге хабарласады. Төтенше жағдай қызметкерлері сөмкені тексере отырып, онда қазы-қарта сынды туыстарына әкелген заттан басқа ешнәрсе таппайды.
Әйел адамның мұны әдейі жасамағаны анықталғандықтан оны жазаламайды. Алайда, келесі жолы қонаққа келетінін алдын ала ескерткені жөн екенін айтты.
Илья Миллер
Жіберіп алмаңыз:
Оралға деген махаббат жазбасын бейәдеп сөздермен “безендіріп” тастаған
Дизайнер Кенже өзіне қол жұмсамақ болды
Ақтауда сал ауруына шалдыққан қыз аяғының башпайларымен зергерлік бұйымдар жасайды (видео)
Пәтер жалдап жүрген алматылық таксист көлікте қалған 65 мың долларды иесіне қайтарып берген