Семейде Абайдың шығармашылығын орындаған америкалықтар жұртты тамсандырды
Абай шығармашылығына америкалық жас музыканттар қызығушылық танытуда. Семейге келген «Humming House» тобы ұлы ақынның әндерінің әуенін орындап жергілікті жұртты тамсандырды, деп хабарлайды КТК.
Шетелдік жас өнерпаздар аспаптарына ұлы Абайдың екі әнін бас-аяғы бірнеше сағаттың ішінде салып алған екен. Енді олар мұны өздерінің топтамаларына қосып, АҚШ-та да орындамақ ниетте. Бұлар жергілікті жас музыканттарға шеберлік сағатын өткізген сәтте шырқап берді. Топ мүшелері құрылғанан бергі жеті жылдың ішінде қанша елді араласақ та, дәл рухани жағынан Қазақстаннан асқан бай елді көрмегенін айтады. Қазақ жеріне алғаш рет келген олар келешекте Абай шығармашылығымен толық танысуды жөн санап отыр.
“Біз Абай шығармашылығына ерекше ден қойдық. Ол бізге бірден ұнады. Осылайша, жергілікті студенттердің қолдауымен әнді аспаптарға салып алдық. Мұны Алматы мен Астанада да орындаймыз”, – дейді музыкант Джастин Вайд.
Тағы да оқыңыз:
Қолым әдемі емес екенін білем: Ауыл келінінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды (фото)
ОҚО-да салмағы 11 келі ғана болатын 10 жасар қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр
Алматы облысында Әділет департаментінің қызметкерлері басшылықтың былығын жайып салды