Семейде 19 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Семейде Жансая Сафаева есімді қыз 17 тамыз күні үйден шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.
Қыздың жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы оны іздеп жатқан еріктілердің бірі айтып берді.
“Қыз сағат 16:00 кезінде үйден шығып кеткен. Құрбысымен кездесіп, сосын олар екі жаққа кеткен. Сол кезден бастап ұялы телефоны өшірулі. Әлі күнге байланысқа шықпады. Бір уақыттары телефонының қосылып тұрғаны белгілі болды”, – дейді ерікті.
Жасөспірім қыз қара-ақ түсті кофта мен қоңыр көк джинсы киген. Бойы 165-168 сантиметр.
Жансаяны көргендер немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса мына нөмірлерге хабарласа алады: 8 747 249 57 17, 8 775 623 76 71.
Оқи отырыңыз:
Қызылордада полицейлер “телефон ұрладың” деп оқушыны алып кетіп, іздеп барған әпкесін қамап тастаған
Шымкентте құлдықта болған бойжеткен құтқарылды
Астанада аялдамаға «Қазақтарды итше өлтіру керек» деп жазып кеткендер жұрттың ашуын келтірді