Семей әкімдігі құны 2,6 миллион еуро тұратын қалдықтарды сұрыптауға арналған шетелдік жабдықты далаға тастай салған
Абай облысының прокуратурасы 2020 жылы басталған қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау желісін құру жобасының іске асырылуынан заңбұзушылықтар тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жобаға қала әкімдігі мен экология министрлігі қатысқан.
"Алайда, жобаны іске асыру барысында үлкен мәселелер туындағаныбелгілі болды. Шетелдік компания 2,6 миллион еуроға жабдық жеткізген, ал қала әкімдігі келісімшартты орындаудан бас тартып, жабдықты орналастыру үшін ангар салу бойынша шаралар қабылдамаған. Нәтижесінде, қымбат техниканың екі жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмай, ашық алаңдарда сақталуы салдарынан ол зақымданып, кепілдік мерзімі өтіп кеткен", - деп хабарлады прокуратура.
Осылайша, прокуратура "немқұрайлылық" бабымен қылмыстық іс қозғады. Ал қала әкімдігі жобаны аяқтап, қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау жүйесін енгізу бойынша шаралар қабылдағанын мәлімдеді.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"