Семейде орталыққа келушілер арыстандарға тас лақтырған: Полиция тексеріс бастады

Фото: Видеодан скрин
Семейдегі балалар биологиялық орталығында келушілердің арыстандарға тас лақтырғаны қоғамда наразылық тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Семей қаласындағы балаларға арналған биологиялық орталықта торда отырған арыстандарға ересек келушілер тас лақтырған. Ең алаңдатарлығы, олардың жанында сол сәтте балалар да болған.
Орталық әкімшілігінің мәліметінше, соңғы уақытта келушілердің, әсіресе ересектердің, жануарларға тас, таяқ және басқа да заттарды лақтыру деректері жиілеген.
"Қазақстан Республикасында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң қолданыста. Бұл заң жануарларға зиян келтіруге тікелей тыйым салады. Мұндай әрекеттер үшін айыппұлдан бастап қатаң жазаларға дейін жауапкершілік қарастырылған", – деп жазды орталық өкілдері әлеуметтік желіде.
Аталған жағдайға байланысты Абай облысының полиция департаменті пікір білдірді.
"Биологиялық орталық аумағында тіркелген дерек бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Қазір бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделенуде, куәгерлер анықталып, жауап алынуда. Оқиғаға қатысы бар тұлғалар анықталғаннан кейін олардың әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі", – делінген ресми хабарламада.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Алматыдағы ботаникалық бақта бір топ келушінің аққуларға қатыгездік көрсеткен сәті видеоға түсіп қалды. Кадрда ер адамның құстарды мойнынан ұстап, “тұншықтырып” өздеріне қарай тартып жатқаны анық көрінеді.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты