"Сегіз бала туыңыз": Айгүл Иманбаеваға көпбалалы ана қолындағы бриллиант білезігін шешіп берді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Айгүл Иманбаева күтпеген жерден ерекше сыйлық алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әншіні сүйіп тыңдайтынын айтып, ырымдап қолындағы бриллиант білезігін сыйға тартты.
"Құрметті Айгүл ханым, бүгін сізді тойда көріп қуанып жатырмыз. Жақында сізді тұрмысқа шықты деп естідік. Шын жүректен қуаныштымыз. Жақсы көріп тыңдаймыз. Халықтың барлығы жақсы көреді. Мен 10 баланың анасы ретінде шын жүректен қолымдағы білезігімді берейін. Ниет қой бастысы. 10 бала таппасаңыз да, 8 бала туыңыз", – деді ол.
-
"Өте аз қалды": Айгүл Иманбаева сәбилі болуға қатысты жақсы жаңалығын бөлісті
-
"7 айдан бері көрмедім": Ақбота Керімбекова Қытайға барып, ұлымен қауышты
Өнер иесі де "аумин" десіп, балалы болғысы келетінін жасырмады.
"Бүгін ерекше сәт болды – бір көрерменім жақсы көретінін айтып, құрметін білдіріп, қолыма әдемі білезік салды. Осындай шынайы көңіл мен жылулық үшін алғысым шексіз!
Қадірменді, менің сүйікті көрерменім, сіздерге алғысым шексіз – мен бәріңізді жақсы көремін!", – деп жазды әнші.

Биыл жазда шетелде демалу құны қанша? Вьетнам арзандап, ал Түркия қымбаттаған
