Škoda үлкен тәжірибеден өтіп, уақытпен тексерілген Škoda Octavia лифтбэгін Қазақстанда ұсынды
Қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін әрі Škoda-ның ресми дистрибьюторы – Prague Auto компаниясы елімізде Škoda Octavia динамикалық лифтбэк көлігі сатыла бастағанын хабарлады.
Škoda Octavia – Чех брендінің басты бестселлері мен қолтаңбасына айналған көлік. Модельдің тарихында оның 7 миллионнан астам данасы әлемнің 100-ден астам елінде сатылған. Әрине, көліктің жаңа түрі ескінің орнын алмастырады. Дегенмен модельдің өзіндік ерекшелігі мен тұтынушылардың күткенінен де асып түсу қабілеті әлі күнге дейін сақталып отыр. Бұл ретте жаңа Škoda Octavia-ны да атай аламыз. Модель өзінің 4-буынында автокөлік иелеріне таныс әрі жақсы көретін лифтбэк жайлылық класын сақтап қалды. Сонымен қатар талғампаздық пен жоғары практикалық деңгейді біріктіреді.
Қазақстанда Škoda Octavia үшін екі заманауи төрт цилиндрлі бензин қозғалтқышы ұсынылады:
- Үнемді 1.4 TSI, 150 л.с. 8 сатылы жылдамдықты автоматты беріліс қорабы. Орташа шығыны 5,7 л/100 км және максималды айналу моментінің көрсеткіші 250 Нм 1500-ден 3500 айн/мин аралығында, үдеу жылдамдығы 100 км/сағ дейін 8,5 секунд;
- Динамикалық 2.0 TSI, 190 л.с. және 7 жылдамдықты роботты DSG. Орташа отын шығыны 6,3 л/100 км және максималды айналу моменті 320 Нм 1500-ден 4180 айн/мин аралығында.
Octavia-ның жаңа буыны үлкен өлшемдерімен ерекшеленеді. Көліктің ұзындығы – 4689 мм, жалпы ені – 1 829 мм, ал биіктігі – 1 470 мм. Бұл артықшылық көлікке салон жайлылығын сыйлайды. Багаж бөлігінің көлемі 578 литр, ал дөңгелектің базалық аумағы 2686 мм. Жаңартылған дизайн сонымен қатар аэродинамикалық өнімділікті жақсартады. 0,24 аэродинамикалық кедергі коэффициенті Octavia-ны әлемдік деңгейде өз класындағы ең жеңілдетілген көліктердің біріне айналдырады.
Қазақстанда бұл модель Ambition, Style және Sportline үш жиынтығында ұсынылып отыр. Бағасы 14 690 000 теңгеден басталады.
Ambition жиынтығында KESSY Full кілтсіз кіру жүйесі, автоматты беріліс қорабы мен жылумен басқарылатын көп функциялы 3 спицті былғары руль кіреді. Сонымет қатар 16 немесе 17 дюймдік дөңгелектер, матадан жасалған орындық қаптамасы, 8 динамикті Swing мультимедиялық жүйесі, Maxi Dot көпфункциялы дисплейі, 2 аймақтық Climatronic климатты бақылау жүйесі, салқындатылған қорап, артқы тұрақ датчиктері бар.
Style және Sportline жиынтығында осылармен қатар, 8 динамикті Bolero мультимедиялық жүйесі, сандық бақылау тақтасы, Climatronic климаттық бақылау жүйесі, дауыспен басқару жүйесі, жады бар алдыңғы орындық жетегі, телефонды сымсыз қуаттау, проекциялық дисплей (Head-up), автоматты түрде тұраққа қою жүйесі, Lane Assist жолағы бойынша қозғалыс көмекшісі, көру қиын аймақтарда бақылау жүйесі және тұрақтан артқы жақпен шығу, жылдамдықты шектейтін круиздік бақылау, жаңбыр мен жарық сенсорлары бар.
- Басты ерекшеліктері: матрицалық LED шам, Climatronic климаттық бақылау жүйесі (3 аймақта), автоматты тұрақ, проекциялық дисплей (Head-up)
Škoda Octavia көлігі жолаушыларды қорғау деңгейін растайтын Euro NCAP қауіпсіздік сынақтарында "5 жұлдызды" ең жоғары бағаға ие болды. Мұнда жүргізуші мен жолаушыларды жарақаттан қорғауға арналған құралдар кешені қамтамасыз етілген. Атап айтқанда 6 қауіпсіздік жастығы, барлық жолаушылар үшін бекітілмеген қауіпсіздік белдігінің индикаторы, жүргізушінің шаршау датчигі бар.
Қазақстандағы Škoda Octavia 5 жылға немесе 150 000 км жүріске зауыттық кепілдік береді. Octavia мен оның өзге де үлгілері туралы толығырақ ақпаратты Škoda ресми дилерлік орталықтарынан, сондай-ақ дистрибьютордың ресми сайтынан алуға болады.