Škoda Қазақстанда толық жетекті Octavia сатыла бастағанын хабарлады: Бағасы да белгілі
Фото: Skoda Qazaqstan
8 желтоқсанда Қазақстанда екі литрлік қозғалтқышы және толық жетекті жүйесі бар жаңартылған Škoda Octavia ресми сатылымға шықты.
Еске сала кетейік, жаңартылған Octavia FL 2025 жылдың шілдесінде отандық нарықта таныстырылды. Қостанайдағы Allur зауытында қазірдің өзінде 150 ат күші бар 1.4 TSI қозғалтқышымен, алдыңғы жетекті үлгісі шығарылып жатыр.
Фото: Skoda Qazaqstan
Чех брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Prague Auto компаниясының мәліметінше, толық жетекті Octavia мына техникалық жабдыққа ие:
- Төрт цилиндрлі 2.0 TSI DNNE қозғалтқышы, қуаты 204 а.к.;
- 7 сатылы роботтандырылған DSG DQ381 беріліс қорабы;
- Автоматты түрде қосылатын Haldex толық жетек жүйесі;
- Орташа шығын – аралас режимде 7.1 л/100 км;
- Максималды айналу моменті – 320 Нм (1500–4400 айн/мин аралығында);
- 0-ден 100 км/сағ дейін үдеуі – 6,6 секунд.
Фото: Skoda Qazaqstan
Жаңартылған Škoda Octavia-ның түрлі жиынтықтарында матрицалық фаралары (LED), былғары орындықтары, цифрлық аспаптар панелі, 13 дюймдік экраны бар мультимедиялық жүйе және 8 динамигі бар акустикалық жүйе, Climatronic климат бақылауы, SmartLink жүйесі, проекциялық дисплейі (Head-up) бар. Сонымен қатар жады функциясы бар алдыңғы орындықтардың электржетегімен, орындық жастығының тереңдігін реттеумен, желдету және массаж функцияларымен, виртуалды педалі бар жүксалғыш қақпағының электржетегімен, орталық жастықшаны қоса алғанда 10-ға дейін қауіпсіздік жастығымен, толық қысқы пакетімен жабдықталады.
Фото: Skoda Qazaqstan
Автокөліктердің пассивті және белсенді қауіпсіздік деңгейі әлемдік ең жоғары талаптар мен стандарттарға сай келеді. Жаңартылған Octavia қауіпсіздік бойынша Euro NCAP тесттеріндегі ең жоғары баға – "5 жұлдыз" алған.
"Толық жетек жүйесімен жабдықталған жаңартылған Škoda Octavia моделінің өндірісі және сатылымының басталуы елімізге брендтің дамуының маңызды кезеңі келгенін білдіреді: 4×4 модификациясы Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің автокөлік нарығында алғаш рет ресми ұсынылды", – деп атап өтті Škoda-ның Қазақстандағы дистрибуциясының басшысы Андрей Тананыкин.
Фото: Skoda Qazaqstan
Octavia 4x4 Selection және SportLine комплектацияларында ұсынылған. Модельдің бағасы – 19 790 000 теңге.
"Толық жетекті 2.0 TSI түріндегі Octavia – бір жағынан қалада да, қаладан тыс жерде де өте практикалы автокөлік. Ал екінші жағынан ол – спорттық әлеуеті бар көлік және мұны әлемнің кез келген түкпіріндегі бренд жанкүйерлері жоғары бағалайды.
Ал Octavia өндірісінің Қазақстанда локализацияланғанының арқасында, сонымен қатар автокөліктің қуаты мен еуропалық инженерияға тән көзқарасты ескерсек, жаңасының бағасы өте тартымды", – деген пікір білдірді Автокөлік нарығын бақылау және талдау агенттігінің бас директоры Артур Мискарян.
Фото: Skoda Qazaqstan
Қазақстанда бұл модельге зауыттан кепілдік беріледі, мерзімі – 3 жыл немесе 100 000 км жүріс, қайсысы ертерек толса, соған байланысты, бірақ алғашқы 2 жыл жүріс шектеусіз. Octavia және брендтің Қазақстандағы модельдік желісінің басқа автокөліктері туралы толық ақпаратты Škoda-ның ресми дилерлік орталықтарынан, сонымен қатар дистрибьютордың ресми сайтынан алуға болады.
Фото: Skoda Qazaqstan
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік