Сайлау учаскесін фото-видеоға түсіруге бола ма – Орталық сайлау комиссиясы ережелерді түсіндірді

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру күні сайлау учаскелерінде фото және видео түсіру тәртібін түсіндірді. Алайда түсірілім жүргізуге бәріне бірдей рұқсат берілмейді дейді ведомство. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, учаскелерде түсірілім жасау құқығы тек екі санаттағы адамдарға ғана беріледі:
- тиісті түрде аккредиттелген бақылаушыларға;
- БАҚ өкілдеріне.
Түсірілім жүргізетіндер қандай ережелерді сақтауы тиіс?
Тіпті кәсіби журналистер мен бақылаушыларға да бәрін бірдей түсіре беруге болмайды. Бірқатар қатаң шектеулер бар:
- Дауыс беру құпиясы: толтырылған бюллетеньдерді немесе дауыс беру кабинасында белгі қою процесін түсіруге қатаң тыйым салынады;
- Жеке деректерді қорғау: сайлаушылардың жеке мәліметтері көрсетілген тізімдер кадрға түспеуі тиіс;
- Бейне құқығы: азаматтардың құқықтары сақталуы керек (кей жағдайларда адамдарды олардың келісімінсіз түсіруге болмайды);
- Учаскедегі тәртіп: түсірілім комиссия мүшелерінің жұмысына немесе дауыс беру процесіне кедергі келтірмеуі тиіс.
Қазақстанда референдум алдында алаяқтар көбейіп, азаматтардан SMS код сұрап жатыр
129 мың теңгеге дейін айыппұл: Референдум алдындағы тыныштық күнінде не істеуге болмайды
Референдумды кімдер бақылайды?
15 наурыз күні өтетін референдумды бақылауға көп адам қатысады. Қазақстанға 10 халықаралық ұйым мен 27 елдің орталық сайлау комиссияларынан 336 халықаралық бақылаушы келеді.
Сонымен қатар референдум қалай өтіп жатқанын көрсету үшін Қазақстанға 68 шетелдік БАҚ-тан 185 журналист келеді.
Айта кетейік, бұған дейін бас прокуратура референдумға қатысты сауалнама жүргізген екі азаматқа айыппұл салынғанын айтып, қазақстандықтарға ескерту жасаған еді.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды