Депутаттар сайлауы: Алғашқы Exit poll нәтижелері жарияланды
Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда кезектен тыс Мәжіліс сайлауының алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Еуразиялық интеграция институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:
1. Amanat – 53,46%,
2. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 10,52%,
3. Respublica партиясы – 8,9%,
4. Қазақстан халық партиясы –6,25%,
5. "Байтақ" жасылдар партиясы – 3,22%,
6. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 7, 87%
7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,31%.
Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтып, 230 мың сайлаушы қатысқан.
Сондай-ақ, Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізген Exit poll нәтижесі жарияланды.
- Amanat партиясы – 53,33%
- "Ауыл" партиясы – 11,26 %
- Respublica партиясы – 8, 33%
- "Ақ жол" партиясы – 8,87%
- Қазақстан халық партиясы –6,93 %
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы -5,12 %
- "Байтақ" жасылдар партиясы – 2,17%
- "Бәріне қарсымын" тармағы үшін – 3,56%.
Бұнымен қоса "Социс-А" институтының экзит-полл нәтижесі бойынша, "Байтақ" пен ЖСДП партиялары мәжіліске өтпей тұр:
- "Аманат" – 54,42%,
- "Ауыл" – 10,21%,
- "Республика" – 8,79%,
- Қазақстан халық партиясы – 6,89%.
- Байтақ – 2,17%.
- Ақ жол – 8,21%,
- ЖСДП – 4,91%.
- Барлығына қарсы – 4,4%
Естеріңізге сала кетейік, мәжіліске өту үшін 5 пайыз жинау қажет.
Сайлаудың алдын ала ресми қорытындысы 20 наурызда жариялануы керек.
Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті.
Ел бойынша нақтыланған деректерге сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 млн 35 004 сайлаушы енгізілді. Жалпы, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 509 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызын құрайды.