Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сайлау басталмай тұрып Қазақстанда екі жаңа партия тіркелуі мүмкін - ОСК

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қазіргі уақытта тіркелген барлық саяси партияларға мәжіліс сайлауына қатысуға рұқсат берді. Ведомство бұл тізімді кеңейту мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мәжіліс

Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте БАҚ өкілдері Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына тағы қандай саяси партиялардың қатысуына рұқсат беруге болатынын сұрады. 


Қазақстанда мәслихат депутаттығына 20 жасқа толған адам кандидат бола алады

ҚР Парламентінің Мәжілісі таратылып, депутаттарды кезектен тыс сайлау уақыты белгіленді


"Қазіргі уақытта екі тарапқа тиісті растау құжаттары берілді. Әрі қарай, бұл оларға байланысты, 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады. Келесі кезең – съезд өткізу. Бұл партиялар – "Ел тағдыры", "Ұрпақтар жалғастығы", - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Бұған дейін ОСК жеті партияға Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға рұқсат берген.

Талқылау