Саят Медеуов Ұлықпан Жолдасовты ұзын шашынан тартып алды
Танымал әнші Саят Медеуов өнердегі әріптесі, композитор Ұлықпан Жолдасовты ұзын шашынан тартып тұрған суретімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
Жолдасовты алған марапатымен құттықтаған Саят Медеуов жоғары дәрежелі атаққа қол жеткізетінін білгенде оның шашынан тартпайтынын айтып қалжыңдады.
«Лұқа осындай аттаққа жететініңізді білмей қалдым ғой, кешірім сұраймын. Қайран кездер-ай шашыңнан тартып ойнап жүрген. Енді тарта алмайтын болдым ғой. Лұқа Алла абыройыңды арттырсын, менің өнер жолымдағы еңбегіңді мақтан тұтып айтамын! Шын жүректен қуаныштымын! Құрметті ағайын, әзілдеп жазғанымды сөкпеңіздерші», – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Мұны көрген желі қолданушылары күлкіге қарық болды.
«Саят, сіз орынсыз сөйлемейсіз, әзілің жарасса атаңмен ойна дегендей, қалжың көтерер адам болса әзілдескенге не жетсін», «Әзілдері жарасқан тамаша сахнамыздың саңлақтары, сіздерді құрметтейміз», «Әдемі әзіл, Ұлықпан ағаны құттықтаймын», – деп пікір білдірді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Меруерт Түсіпбаева өзін бүкіл елмен ырылдасатын арыстанға теңеді
Ақбота Сейтмағамбет: Ешкімнің отбасын бұзған жоқпын
Эстрада жұлдыздары әйел адамның бірнеше күйеуге шығуына қатысты пікір білдірді
«Лашын» тобының аруы сұлулығын бағаламаған бейтаныс жігітке ашуланып кетті (видео)