Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Саяхаттап жүргені үшін 7 мың еуро төленетін жұмысқа адам іздестіріліп жатыр
Ұлыбританиялық отбасы өздерімен бірге түрлі елге барып, өмірінде болып жатқан жайттарды суретке түсіретін кәсіби фотосуретші әрі саяхатшы іздестіріп жатыр.

Сурет: Shutterstock
Олардың хабарландыруы Perfocal агенттігінде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бізбен бірге әлемді аралап, түрлі шараларда суретке түсіретін адамды іздестіріп жатырмыз. Оның үш айдан аса уақыт үйінен тыс жерде жүруге мүмкіндігі болуы тиіс. Біз Еуропа, Америка және Оңтүстік Америкадағы мемлекеттерге саяхаттаймыз. Сонымен қатар Аустралияға барамыз», – дейді жұмыс берушілер.
Сондай-ақ, олар мұндай жұмысты бір жылдық мерзімге ұсынатынын және айына 7 мың еуро (2 млн 900 мың теңгеден аса) төлейтінін айтты.
Хабарландыруда фотосуретшінің кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы керектігі көрсетілген.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
Қазақстандық жайлы өмір үшін Занзибарды таңдаған: "Халқының жалақысы 30 мың теңге, азық-түлік Қазақстаннан екі есе арзан"
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”