Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Сауль Альварес қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Екінші орта дивизионның абсолютті әлем чемпионы, мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боксшының құттықтау видеосы Suleimen promotions Instagram парақшасында жарияланды. 

applewin

Канело қазақтың ұлттық бас киімі мен шапанын киіп, видео түсірген.

"Наурыз құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Бәріңізді құшақтадым!"- деді Сауль Альварес.

"Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, біздің досымыз Сауль (Канело) Алваресқазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні "Әз-Наурыз" мерекесімен құттықтады. Ал "Suleimen Promotions" ұжымы өз кезегінде қазақтың дәстүрі бойынша боксшының иығына шапан жауып, өз құрметтерін көрсетті", - деп жазылған видеоның астында.

 

Гүлдана Қазтай
Сейсенбі, 21 Наурыз, 2023 08:03
Талқылау