Сәуірде отандық "QazQovid-In" вакцинасының алғашқы партиясы шығарылады
Сәуір айының соңында "QazQovid-In" вакцинасының алғашқы өнеркәсіптік партиясы шығарылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, 2020 жылдың желтоқсан айының соңында үшінші саты басталды.
"Сондықтан бәрі рет-ретімен келе жатыр. Сәуір айының соңында вакцина дайын болады деп күтіп отырмыз. Бірінші көлемі – 50 мың дозаға дейін. Сәуірдің соңында алғашқы өнеркәсіптік партиясының шығарылатындығы күтіледі", - деді ол.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты