"Сауда соғысы": Трамптың баж салығына байланысты әлемдік дүкендер тауарларды жаппай сатылымға шығарып қазір алуды ұсынуда
Фото: freepik.com
Дүние жүзіндегі рейтейлерлер (бөлшек саудамен айналысатын танымал дүкендер) сауда соғысына байланысты өз тауарларын жаппай сатылымға шығарды. Олар адамдарды салық өсіп, баға қымбаттамай тұрғанда қажетті заттарды қазір алып алуға шақыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы апталарда бөлшек саудагерлер мен электрондық коммерция брендтері әлеуметтік медианы АҚШ президенті Дональд Трамптың импорттық баждары бағаның өсуіне әкелетінін еске салды. Сол үшін сатып алушыларды қазір әрекет етуге шақыруда.
"Тарифтер өсуде, бірақ біздің бағалар әлі өспеді"- дейді DTG Pro баспа жабдықтарын сатушы.
"Өкінішке орай, үйлену тойы индустриясында баға тұрақты емес. Сондықтан тарифтер енгізілгенге дейін біздің сатылымымызды пайдаланыңыз. Кейін біз бағаны көтеруге мәжбүр боламыз!" – деп жазды Нью-Йорктегі Adrienne' s Bridal.
Маркетингтік шабуыл тұтынушылардың көңіл-күйінің нашарлауы аясында жасалып отыр. Бұл сатып алушыларды жаппай сауда жасауға итермеледі.
Еске салсақ, 2 сәуірде Трамп 185 елге баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді. АҚШ баж салығын салған елдердің тізімінде Қазақстан да бар. Ал бұған дейін Тоқаев "ондаған жылда болмаған дағдарыс" деп Трамптың енгізген тарифына қатысты алаңдаушылық білдірді

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
