Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында Жаратқанға сенбейтінін айтқан атеист өлім жазасына кесілді

Ахмед Аль-Шамри атеистік көзқарасы үшін 2015 жылы өлім жазасына кесілген еді.

сауд арабиясы 010517

Бұл туралы Laze Time хабарлады.

Ол исламнан баз кешкенін дәлелдейтін видеоны жариялағаны үшін 2014 жылы сотталған.

Айыптаушы тараптың арызына сәйкес, жариялаған видеосында күдікті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарды мінеп-сынаған, деп жазады Erem News.

Ахмед тұтқынға алынғаннан кейін, қорғаушылары бірнеше рет аппелиялық шағым түсірген. Алайда жуырда Сауд Арабиясының жоғарғы және аппеляциялық соты 30 жастағы Ахмед аль-Шамридің арызын кері қайтарып, оған өлім жазасын кесті.

The Independent басылымының хабарлауынша, мемлекет билігі ер адамның үстінен кесілген үкімді ресми түрде растаған жоқ.

Қорғаушысы видео түсірілген сәтте Ахмедтің ақыл-есінің дұрыс болмағанын айтып, ақтауға тырысты. Ол сол шақта күдіктінің есірткі және ішімдік қабылдағанын мәлімдеді.

Жалпы Сауд Арабиясында 2014 жылғы патша бұйрығына сәйкес, атеистер террористерге теңестірілген. Ал исламнан баз кешкендер ұзақ уақытқа түрмеге тоғытылып, тіпті, өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Түркияда 4000 шенеунік қуылып, телевизиялық шоулар жабылды

Ер адам сүйіктісімен саяхатқа кетпеу үшін теракт ойластырған

Қырғызстандағы қайғы: Елбасы Қырғыз президентіне көңіл айтты

Дәрігерлер күйеуі бензин құйып өртеп жіберген қыздың өмірі үшін күресіп жатыр

Талқылау