Сауд Арабиялық ханзада 90 мың евроға порноға тапсырыс беріп, төлемей кеткен
Сауд Арабиясы патшалығының мүшесі Сауд Аль Фейсал франция компаниясына эксклюзивті порно түсірілімі үшін 90 мың евро қарыз болып қалды.
Ханзада бұрынғы Сыртқы істер министрі болған. 40 жыл басшылықта болып, 2015 жылы көз жұмды. Ол SARL Atyla компаниясына үлкендерге арналған кино түсіруге тапсырыс берген. Алайда қызметі үшін ақы төлемепті.
Сюжет бойынша мароккалық әйел ханзадамен қатынасқа түседі. Ханзаданың рөлін порноактер ойнауда. Компания роликті тапсырған жоқ. Алайда шағымы қанағаттандырылмаса, роликті көрсетуге дайын.
SARL Atyla Аль Фейсаланың жеке мүлігімен айналысқан компания атына сотқа берді. SARL Atyla Аль Фейсалмен сөйлескен электронды хаттарын көрсетті. Шағымданушылардың айтуынша, порнофильмге Аль Фейсалдың өзі тапсырыс берген.
Оқи отырыңыз:
Әкесі телефоннан бас алмайтын балаларымен сөйлесу үшін YouTube желісінен арна ашты
Әлемде баяу қартаятын халықтар да бар
Инеге жіп өткізудің оңай әдісі табылды
Түркіменстанда әйелдерге кірпік жалғатуға, тырнақты өсіруге және бояуға тыйым салынды