Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде баяу қартаятын халықтар да бар

Карттық – қашып құтылмайтын, адамның күш-қуатынан біртіндеп айыратын биологиялық процесс. Алайда, мына әлемде өзгелерге қарағанда баяу қартаятын халықтардың да барын білесіз бе.

Баяу қартаятын халықтар да бар

Яғни, жасы ұлғайғанымен тәні жасамыс халықтардың арасында латынамерикалықтар мен Боливияда өмір сүретін сығандардың бір тобы бар. Сығандардың бұл тобын кейде «циман» деп атап жатады. Ғалымдар бұған көз жеткізу үшін әрі мұндай тұжырым жасау үшін осы бағытта арнайы зерттеу жүргізген екен, деп хабарлайды islam.kz.

Бұл зерттеу жұмысына америкалық генетик, профессор Стив Хорват жетекшілік еткен екен. Аталмыш зерттеу барысында түрлі нәсілден 6 мыңнан аса адамның генетикасы қаперге алынған. Яғни, зерттеу кезінде еуропалықтар, азиялықтар, үнділер, афроамерикалықтар, Африка құрлығын мекен ететін аборигендер, т.б. гені зерделенген. Стив Хорват бастаған Калифорния университетінің ғалымдары «эпигенетикалық сағат» деп аталатын биологиялық көрсеткішті зерделеген. Яғни, бұл термин ағзаның табиғи қартаюнан хабар беретін молекулярлы көрсеткіш мағынасында қолданылады.

Нақтырақ айтқанда, оттегінің белсенді формасы жасуша өзегінің (ядросының) құрылымына әсер етеді. Біз сөз етіп отырған микропроцесс неғұрлым белсенді жүрсе, адам ағзасы соғұрлым тез солады. Яғни, қартаяды. Эпигенетикалық сағатқа ықпал ету мүмкін емес: барлық сипатталған процестер адам ДНК-де сақталған. Бұл тарапта латынамерикалықтар мен сығандардың бір тобы өзгелерге қарағанда артықшылыққа ие болған. Соған орай ұзақ өмір сүру мүмкіндігіне де ие болған. Стив Хорват бастаған ғалымдар тобы жүргізген зерттеу еңбектің нәтижесі бірқатар ғылыми мерзімді басылымдарда жарияланып, жарық көрген болатын. Атап айтқанда, «Genome Biology», «Eurekalert», т.б. Бұл зерттеу нәтижесі ғылыми әлемде түрлі пікірлердің өрбуіне себеп болып, арты талас-тартысқа ұласқан жайы бар. Бұған қоса, латынамерикалықтар асқыну, қабыну қаупі жоғары аурулармен сирек сырқаттанады әрі семіздік індетіне аса көп шалдыға қоймайды.

Бұл да олардың ағзасының қартаю процесін баяулатуға септігін тигізетін факторға айналып отыр. Олардың орташа өмір сүру ұзақтығы 82 жасты құрайды, ал цимандардікі – 84 жас. Бұл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш. Америкалық генетиктер аталған зерттеу барысында тағы бір қызықты жайтқа көз жеткізген екен: барлық нәсілдегі әйелдердің ми жасушалары ер-азаматтардікіне қарағанда баяу қартаяды. Сол себепті, олар ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді.

Оқи отырыңыз:

Ерекше құбылыс: АҚШ-та дәрігер науқастардың ауруын өз денесімен сезіне алады

Қолданушылардың жеке мәліметтерінің қолжетімділігі: WhatsApp мессенджерінің осал тұсы табылды

Инеге жіп өткізудің оңай әдісі табылды

Талқылау