Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сатушы тауардың бағасын қандай жағдайда көтере алады": Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті түсіндірді

тауарФото: shutterstock

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті сатушылардың бір тауарға әртүрлі баға қоюға, яғни бірден төлеу және бөліп төлеу немесе несиеге алу кезінде әртүрлі бағаларды көрсетуге қай жағдайда құқылы екенін түсіндірді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Комитеттің мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Еркебұлан Тағашевтың айтуынша, егер сатушы бөліп төлеуді өз қаражаты есебінен берсе, тауардың бағасын қымбаттатуға құқығы жоқ. Бұл жағдайда төленетін сома қолма-қол төлеген бағамен бірдей болуы тиіс.

"Егер бөліп төлеу тікелей сатушының өзі арқылы, яғни банк қатыспай берілсе, тауардың бағасы өспеуі керек. Ал егер бөліп төлеу банк арқылы рәсімделсе, онда банк комиссиясы мен пайыздарына байланысты баға қымбат болуы мүмкін", -  деді Тағашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


 


Ол сондай-ақ, егер сатушы сатып алушыға бөліп төлеу кезінде бағаның өсетіні туралы алдын ала ескертпесе, бұл заң бұзушылық екенін мәлімдеді. Мұндай жағдайда азаматтарға Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне шағымдануға кеңес берді.

Ал егер кассадағы баға көрсетілген бағадан жоғары болып шықса және сатып алушыға алдын ала айтылмаса, бұл заң бұзу және бұған шағымдануға болады.

Ацйта кетейік, бұ,ған дейін қазақстандықтар "керек затты бөліп төлеп аламын" деп тауарды ортақ құнынан қымбатқа сатып алып жүргені туралы жазған едік.

 

Рая Мінәп
Дүйсенбі, 24 Қараша, 2025 15:11
Талқылау