Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Лотерея тек ұтыс емес, жақындарыңмен бірге өткізетін уақыт": Алматылық отбасының оқиғасы

Әр отбасының жылы естелік сыйлайтын, басын қосатын ерекше дәстүрі бар. Кейбірі бірге тауға шығады, енді біреулер бірге тамақ әзірлейді. Ал Павел Шаминнің отбасылық дәстүрі “Сәтті Жұлдыз” лотереясымен байланысты. Павел мен Вероника, олардың 9 жасар баласы Артем және қарындасы Аделина, тұрақты түрде ұтысқа қатысып, нәтижесін асыға күтеді екен. Бірақ алматылық тұрғын әр ұтысқа қатысқан сайын оның жүлдесінен де құнды нәрсеге ие болатынын айтады. Бұл – үй ішіндегі жылулық, ауызбіршілік. Павел Шамин Stan.kz ақпарат агенттігіне “Сәтті Жұлдыз” лотереясына қатысып, қалай отбасындағы жылы қарым-қатынасты одан әрі нығайтқанын айтып берді. 

Фото: Рысбек Әлиев

“Сәтті Жұлдыз” туралы қайдан білді?

Кейде жаңа дәстүр күтпеген жерден пайда болады. Бірде Павел жұмыстан қайтып келе жатып, көшеден "Сәтті Жұлдыз" лотерея билеттерін сататын дүкенді байқаған. Онда біраз адамның кіріп-шығып жатқанын көріп, қызығып, бірнеше билет сатып алған. Кешке үйге келіп, әйеліне, баласына және бөле қарындасына лотерея шарттарын түсіндіріп берген. 

“Алғашында ештеңе ойламай, қызық көріп қана сатып алдым. Кешке оны отбасымызбен талқылап, бір сәтке “қомақты ақша ұтып алсақ, оны қалай жаратар едік?” деп армандап кеттік. Әрқайсымыз іштей ойлап жүрген арманымызды бөлістік. Әйелім екеуіміз үлкен жер үйіміз бен көлігіміздің болғанын қалаймыз. Бөлем де өзіне жеке пәтер сатып алып, жеке коммерциялық кеңістік жалдап, сосын шетелге саяхаттағысы келеді екен. Ұлым “iPhone-ым және анимедегідей қылышым болса ғой” деп бәрімізді күлдірді. Әрқайсымыздың арманымыз асқақ екенін түсіндім. Күнделікті қарбалас өмірде бұлай бір-біріміздің қалауымызды, арман-мақсатымызды сұрай бермейміз. Осылай, бір-бірімізбен сырласуымызға қарапайым лотерея билеті себеп болды”, – дейді Павел.

Фото: Рысбек Әлиев

Лотереяға қатысу – қомақты ұтысқа ие болу ғана емес, отбасыңмен бірге уақыт өткізу

Павелдің айтуынша,  лотереяға қатысу – қомақты ұтысқа ие болу ғана емес, отбасыңа уақыт бөлу, олармен бірге кешті көңілді өткізу екен. Сол себепті олар айына бірнеше мәрте билет сатып алатын көрінеді. Кейде Павел жұмыстан қайтқанда дүкеннен билеттің қағаз нұсқасын алады. Ал кейде сайт арқылы сатып алып, билетте жазылатын сандарды бәрі бірге отырып таңдайды екен.

“Кейде біздің өмірімізге қатысы бар, яғни туған күніміз, жылымыздың сандарын таңдаймыз. Кейде әрқайсымыз өзіміз үшін сәтті, әрі сүйікті сандарды белгілейміз”, – дейді ол.

Фото: Рысбек Әлиев

Команда болып ақылдасамыз

Павелдің отбасы билетте жазылатын сандарға да, ұтысқа да бей-жай қарамайды екен. Әдетте Вероника шай-тамақ әзірлейді, Павел мен Артем қойын дәптеріне қандай сандар таңдайтынын жазады. Бөле қарындасы Аделина лотереяда осыған дейін қандай сандар көп шықты, қай сан көп түспеді – соның бәрін есте сақтап, ескереді екен. Мәселен, олар осы жолы жүлде ретінде пәтер берілетін лотерея билетін алып, бақтарын сынамақшы.

“Қарындасым бойжетті. Оның да өз баспанасы болғанын қалаймын. Әрине, ол үшін ақша жинап жатырмыз. Дегенмен қазіргі заманда ақша жинап, үй алу оңай шаруа емес. Сондықтан кейде жолымыз болып, жеңімпаз атананып қалармыз деп ниеттенеміз. Лотереяға қатысқанда біз тек көңіл көтеріп қана қоймаймыз. Балам мен қарындасым стратегия, жоспар құруды үйренеді. Барлығымыз болжам жасап көреміз. Десе де ұтыс нәтижесіне қатты мән бермейміз. Ұтып алмасақ та, қапаланып отырмаймыз. Себебі бізге ұтысқа қатысу процесі ұнайды. Бәріміз бір команда болып, бірге ат салысамыз, ақылдасамыз, бұл бізді жақындастырады”, – дейді ол. 

Фото: Рысбек Әлиев

Ұтысты тамашалағанда бала кезім еске түседі

Павел баласымен бірге ұтысты тамашалағанда бала кезі еске түсетінін айтады. Оның сөзіне қарағанда, бұрын ол да әкесімен бірге теледидардан ұтыс ойындарын көрген екен. Сол кездегі әкесімен өткізген әр уақыты жадында жылы естелік болып қалыпты. 

“Қазір балам Артем екеуіміз отырғанда дәл сол кездер көз алдыма оралады. Сол кезде әкеммен бірге теледидардан ұтыс тамашалағанның өзі мен үшін бақыт еді. Себебі әкем жанымда. “Менің әкем ең күшті” деп ойлайтынмын. Мен де балама жақсы әке болуға тырысамын. Лотереяға қатыспай тұрып, көбіне кешке жұмыстан келген соң, бәріміз смартфонға үңіліп, үнсіз бір бұрышта жата кететінбіз. Ал қазір арасында осылай бір-бірімізбен әңгіме-дүкен құрып, сергіп қаламыз”, – дейді ол.

Фото: Рысбек Әлиев

Артем да “Сәтті Жұлдыз” лотереясына қатысқан кезде ата-анасымен әдеттегіден ұзағырақ уақыт өткізетініне қуанышты. Оған, әсіресе,  барлығының бір теледидар алдына жиналып, ұтыс нәтижесін тамашалап, кейін оны талқылаған ұнайды екен. 

“Әкем мен анам күні бойы жұмыста. Әпкем екеуіміз сабаққа барамыз. Кешке үйге келгенде анам тамақ жасайды. Бәріміз асымызды ішіп аламыз да, мен сабақ қарап, артынша телефонға қарап жататынмын, ал үлкендер бөлмесіне кіріп кетеді. Ал қазір олай емес. Маған сандарды таңдаған ұнайды. Мәселен, алдыңғы жолы әпкемнің туған күнінің санын жазып едім, дәл келді. Қуанып кеттім”, –дейді Артем.   

Фото: Рысбек Әлиев

Павел және оның отбасының “Сәтті Жұлдыз” лотереяларына қатысып жатқанына аз ғана уақыт болды. Десе де олар ұтысқа қатысып, жайлы әрі жылы қарым-қатынас құрып жүргендеріне дән риза. Алдағы уақытта пәтер, көлік, смартфон немесе қомақты ақша ұтып алып, бірге талқылаған арман-мақсаттарына жетеміз деп үміттенеді.

Айта кетейік, 23 наурызда “Сәтті Жұлдыз” лотереясы TeleBingo-да кезекті қосымша ұтыс ұйымдастырып, бірден ҮШ жеңімпазға ҮШ пәтер сыйламақ. Бұл ұтысқа 18 жасқа толған кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. 

Оған қоса, 28 ақпанда LOTO 6/49-да жап-жаңа Кроссовер иесі анықталады. Арнайы ұтысқа қатысу үшін, 3 000 теңгеге LOTO 6/49 ЛотоЖинағын сатып алу керек. 

Фото: Рысбек Әлиев

Талқылау