Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтті тұрмысқа шығу үшін, қайда оқу керек: Сағадиев жауап берді

Елордалық студент қыз білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтан сәтті тұрмысқа шығу үшін, қандай білім алу керектігін сұрады. Билік өкілі ел алдында есеп беру кезінде тайсалмай, сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Сәтті тұрмысқа шығу үшін, қайда оқу керек Сағадиев жауабын берді

Студент шетелдік оқу орнында білім алса, жеке өмірде және қызметте қаншалықты табысқа жетуге болатынын сұрады. Сондай-ақ, қай елде білім алған дұрыс деп министрдің ойын білуге тырысты.

“Қазақстандық азаматқа тұрмысқа шығыңыз, сонда барлығы да сәтті болады. Оны сенімме айта аламын», – деп күлді білім және ғылым министрі.

Ал шетелдік жоғары оқу орындары туралы сөз еткен Сағадиев кез-келген елде жақсы да, жаман да білім ошақтары болатынын атап өтті.

«Мәселен, АҚШ-тың бір колледжінде полицейлер қару ұстап жүреді, оны өз көзіммен көрдім. Адамдар бір-бірін қорламас үшін солай жасалған», – деп түсіндірді министр.

Министр жоғары сапалы білімді Қазақстанда да алуға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, табысты болу жоғары оқу орнына емес, студенттің өзіне байланысты екенін түсіндірді.

Тағы оқыңыз: 

Білім министрлігі ауыл мен қала мектептерін теңестіру үшін 67 миллион доллар қарыз алмақ

Қазақстан Ауғанстанда болған терактілерді айыптады

Ақмола облысында марихуана шеккен лауазымды шенеунік жұмыстан қуылды

Астана медицина университетіндегі дау: Оқудан шығарылған студенттер не дейді

Талқылау