Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтпаевта парамен ұсталған лауазымды офицер тергеушілермен арпалысты

Қарағанды облысында жемқорлық жанжалы. Сәтпаев қаласы жергілікті полиция бастығының орынбасары жұмыс орнында парамен ұсталды. Өзін ұстағандарға дөң айбат көрсеткен полицей, мекеме бастығының міндетін атқарушы қызметінде жүр екен, деп хабарлайды КТК.

images

Қолындағы уақытша билікті пайдаланғысы келген ол, рөлге мас күйінде мініп, ұсталған жергілікті тұрғыннан ақша талап еткен көрінеді. Есесіне әкімшілік жазаға тартпауды уәде еткен.

Ал, айыпкер болса жемқорлыққа қарсы күрес басқармасына арызданған. Осылайша 50 мың теңгені басқа жер емес, дәл жұмыс орнына алып жатқан жерінен ұсталып отыр. Орынбасарлық қызметті 3 жылдай атқарған Бүркіт Мақановқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік кәсіпкер жергілікті шенеуніктерді тонаумен айналысты деп айыптады

Талқылау