Сати Казанова италиялық азаматқа жасырын тұрмысқа шықты
Танымал ресейлік әнші Сати Казанова жасырын тұрмысқа шығып алды. 35 жастағы әншінің таңдауы италиялық фотограф Стефано Тиоццоға түскен.
Бұл туралы Super в Instagram парақшасында жазылды.
«Бұл күн келіп жетті. Сати Казанова италиялық азаматқа тұрмысқа шықты», – делінген жазбада.
Автордың айтуынша, Сати мен Стефано некелерін заңдастырып қойған, ал дүбірлі той 12 қазанда Италияда тойланбақ.
Жұптың кездесіп жүргеніне небәрі бір жыл болған. Атап өтетін жайт, үйлену тойында Сати 4 бірдей көйлек ауыстырмақ.
Сондай-ақ, Стефаноның католик, ал Сатидың мұсылман екенін БАҚ құралдары жарыса жазуда.
Сати болашақ күйеуімен осыдан үш жыл бұрын Германияда достарының тойында танысқан.
Жіберіп алмаңыз:
Аша Матай атышулы 91 тобымен болған даудың нүктесін қойды
“Айырылыстық” деп жар салған Дәурен мен Ақбота ұсталып қалды
Роза Қуанышқызы: Жұрт мені сыр бермейтін «темір әйел» дейді. Бірақ, жалғыздықта көп жыладым
Перизат Омарова: Арыстан Баб аян беріп, Марат Омаровтың жарым болатынын айтты