Перизат Омарова: Арыстан Баб аян беріп, Марат Омаровтың жарым болатынын айтты

«Алғашқы махаббат», «Жан анам» сынды әндерімен дүйім қазақты мойындатқан Марат Омаров бақытын екінші некесінен тапқан азамат. Бүгінде Омаровтың өзінен біршама жас кіші келіншегінен бір қызы бар. Омаровтар отбасы «Еуразия» арнасының «Қалаулым» бағдарламасына қатысып, алғаш рет қалай танысқандарын баяндады, деп жазады Stan.kz.

Бұл жұптың таныстық хикаясы өзгелердікіне мүлдем ұқсамайды.

«Біз қасиетті Түркістандағы Арыстан баб кесенесінде, атамыздың басында аян арқылы бір-бірімізді таптық. Оны мен де, Марат та білген жоқ. 1998 жылы мен сол кісінің басына зират етіп келдім, Марат та сол жерге келді. Сонда түсіме Арыстан баб кіріп: «Марат Омаров сенің жанұяң деп, бұл кісі қолын беріп, екеуміз тауға қарай шығып бара жатырмыз. Солай аян арқылы табыстық», – дейді Перизат ханым.

Өз кезегінде әйгілі композитор келіншегінің қандай қасиеттеріне ғашық болғанын әңгімеледі.

«Өнер жолы ауыр жол деп жатады. Мен айтар едім, өнерім – өмірімнің өрнегі. Өмірде өнер өрнек болып келеді, сол өрнекті жасайтын жар іздейсің. Сондықтан ол әрқашан төзімді, сыйластыққа жақын, адамгершілік, сезімталдық және адалдық. Мінеки, осы 5 қасиетті мен Перизаттан көрдім. Бірақ бір-бірімізді танымаймыз, көрген де емеспіз. Сол Алланың қалауымен, киелі Арыстан Бап бабамыздың басында табыстық», – дейді композитор.

Жіберіп алмаңыз:

Үш жасар тараздық бүлдіршін «Азия аруы» атанды (фото)

Ернар Айдардың әйгілі әні плагиат болып шықты (видео)

Бүркіт: Әйел затын құрметтеуді үйреткен ата-анама мың алғыс

Зарина Омарова: Менің жарым екенін оны алғаш көргенде білдім (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар