Зарина Омарова: Менің жарым екенін оны алғаш көргенде білдім (фото)

Ұзақ уақыт бойы декреттік демалыста болып, көрермен көзінен тасада болған әнші Зарина Омарова соңғы кездері отандық бағдарламалар мен концерттерде жиі бой көрсетіп жүр. Өзін сағынған тыңдарманымен қайта кездесуге тыңғылықты дайындалған әнші 10 жылын тек қана отбасына арнаған, деп жазады Stan.kz.

«Еуразия» арнасының «Қалаулым» бағдарламасында Зарина алғаш жарымен қалай танысып, табысқанын баяндады. Әнші болашақ күйеуін алғаш көргенде-ақ онымен ғұмырын байланыстыратынын түсінгенін айтады.

«Жарыммен кездейсоқ таныстым. Туған сіңлім жолдас жігітімен таныстырмақ болды. Сені көргісі келеді деді. Ол жолдасы кездесуге досын алып келді, сол досы қазіргі менің жан-жарым, менің Құдай бере салған жолдасым. Кездейсоқ танысу болды, бірақ менің жарым екенін бір көргеннен білдім. Көзінен ұқтым», – деп еске алды Зарина.

Заринаның айтуынша, бұл таныстық 2005 жылы басталған. Арада көп уақыт өтпей бір-бірін ұнатып қалған ғашықтар қыз-жігіт болып кездесе бастаған-ды.

«Алғаш танысқан кезде сөзге тартысып қалдық. Мені кекеткенін байқап қалдым. Кейін барып маған тиіскенін түсіндім. «Бұл көпті көрген, көппен араласқан қыз. Ерекшеленуім керек» деген мақсатпен сөзбен тиіскен екен.

Маған бір көргеннен ұнады. Түр келбеті, ең бастысы. Маған тиіскен соң мен де тікесінен жауап беріп отырдым. Сол күннен кейін екеуміз мүлдем кездескен жоқпыз. 1 айдан кейін звондады. «Мені ұнатып қалғаныңды көзқарасыңнан білдім. Мен бірден хабарласа салсам, бикеш болып өзінше болып отырар едің», – деді. Өз-өзіне неткен сенімді азамат! Бір айдан кейін тағы уақыт өтіп кетер деп хабарласқан екен. Мен Шымкентте гастрөлде жүрген болатынмын, ол күтіп алатынын айтты. Өзі де аздап жүрексінсе керек, қасына досын ертіп келіпті.

Екеуі алдын ала жоспар құрып қойған. Көліктің алдыңғы орнына су төгіп, нәтижесінде артқы орындықта қазіргі жарым екеуміз отырдық. Ақырындап иығыма қолын қойып… Кейін әрнәрсені сылтауратып, келетінді шығарды. Солай басталып кетті», – деген Зарина бұдан кейін 2 жыл бойы сүйіктісімен қыз-жігіт болып жүргенін айтады.

Сол кездері жұлдызы жарқырап тұрған әнші сүйіктімнің қарапайым отбасыдан шыққанына мән бермедім дейді. Ал намысқа тырысқан азамат бар тапқан табысына жүзік алып, әйгілі композитордың қызына жүрегін ұсынған.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың әкесі отбасын асырау үшін дәретхана жуған кездерін еске алды

Ерке Есмахан қырғыз әншісін сотқа бере алмайтын болып шықты

Сәкен Майғазиев: 3 жұмысымның айлығын әйелім алады

Ләйлә Сұлтанқызының кезекті кітабы ұятты тақырыпты қозғамақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар