Үш жасар тараздық бүлдіршін «Азия аруы» атанды (фото)

Қыркүйектің басында Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында “Азия аруы” сұлулық байқауы өтті. Тараздағы FABUS модельдік мектебінің тәрбиеленушілері кастингке қатысып, қатаң іріктеуден өткен. Қызығы сол, ең жас қатысушы, 3 жасар Согдиана Нажмудинова «Little Miss World Asia Beauty 2017» байқауының гран-при иегері атанды.

Бұл туралы ZhambylNews басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кішкентай Согдиана Азияның ең сұлу моделі атанады деп кім ойлаған? Қыздың анасы Карина Нажмудинова тіпті, бұл туралы армандамадым дейді. Себебі кішкентай ханшайым небәрі 3,5 жаста. Анасы Согдиананы «Fabus» модельдік мектебіне шамамен бір жыл бұрын алып келген.

«Шынымды айтсам, бала күнімде өзім модель болуды армандадым. Қызды болған соң, ойланбастан оны модель мектебіне бердім. Согдиана өте ақылды қыз және сахнадан қорықпайды. Балабақшада мерекелік таңертеңгілікке алғаш қатысқан кезде ол мүлдем қобалжыған жоқ. Өзі жұрттың таңданып қарағанын ұнатады. Сахна – оның мекені», – дейді Карина.

Согдиана модель мектебіне қуана-қуана баратын. Ол небәрі 3,5 жасында оқуды аяқтап, сертификат алған.

Атап өтетін жайт, біздің кейіпкер «Mimioriki» дүкендер желісінің бет-бейнесіне айналған. Анасының айтуынша, оны әртүрлі көрсетілімдер мен түсірілімдерге жиі шақырып тұрады.

«Қызымыз модельдік мектепті бітіргені туралы сертификатты иеленген соң, біз «Азия аруы» байқауына қатысуға өтініш білдірдік. Аталған байқау қыркүйек айында Астанада өткен болатын. Бұл бәсекеге бүкіл отбасымызбен бір ай бойы дайындалдық», – деп атап өтті анасы.

Айта кетейік, Согдиана сұлулық байқауында киіп шыққан киімдерді Нажмудиновтер отбасы өздері тіккен. Ал биді балабақшадағы хореограф үйретіпті.

«Шынын айтқанда, сахна сыртында күйеуім екеуміз қатты алаңдадық. Ал Согдиана өзін тым сенімді ұстады, құдды жеңіске жететінін білгендей», – дейді Карина.

Аталған сұлулық байқауына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдерінен әртүрлі жастағы 200 қыз қатысқан.

«Марапаттау салтанатында қатты қобалжыдық. Қызым қайта-қайта: «Мама, маған қашан тәж кигізеді?» – деп сұраумен болды. Басқа қыздарға әртүрлі сертификаттар, ленталар мен аталымдар табыстап жатқанда Согдиананың қолы бос қалды. Көңіл-күйі түсіп кете ме деп алаңдадым. Бірақ қызым «Little Miss World Asia Beauty-2017» байқауының гран-при иегері атанды. Ол байыпты күйде тәжі мен лентасын қабылдап, елдің қошеметімен сахнадан кетіп қалды. Құдды солай болуы керектей», – дейді Карина Нажмудинова.

Қазір Согдиана қарашада Мәскеуде өтетін «Ғаламшар аруы» байқауына дайындалуда.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдардың әйгілі әні плагиат болып шықты (видео)

Бүркіт: Әйел затын құрметтеуді үйреткен ата-анама мың алғыс

Қайрат Нұртастың әкесі отбасын асырау үшін дәретхана жуған кездерін еске алды

Англияда Дулат Исабековтің 75 жылдығына фестиваль ұйымдастырылған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
25.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар